Республика Күні құтты болсын!


2026 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Астрахан ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Бір шаңырақ астында» атты квест-викторина өтті!
Қатысушылар қызықты тапсырмаларды орындау барысында өз білімдерін, тапқырлықтарын және командалық рухтарын көрсетті. Іс-шара еліміздің бай тарихын еске түсіруге, отансүйгіштік сезімді арттыруға және Отанға деген құрметті нығайтуға тамаша мүмкіндік болды.
Бір шаңырақ астында әрдайым бейбітшілік, татулық пен бірлік салтанат құрсын!